Бұл бөлімде сіз 2020 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізудің бекітілген кестесімен таныса аласыз. Аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы №202 бұйрығымен бекітілген және күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге жатпайды.
2020 жылы іріктеуге жоспарланған белгіленген қуаттың жиынтық көлемі электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, 250 МВт құрайды:
- күн электр станциялары (КЭС) – 55 МВт (оның ішінде құжаттамамен 2 жоба, әрбір жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);
- жел электр станциялары (ЖЭС) - 65 МВт;
- гидро электр станциялары (СЭС) – 120 МВт;
- биоотын электр станциялары (БиоЭС) - 10 МВт.
2020 жылы ЖЭК түрлері бойынша 8 аукцион өткізіледі (СЭС, БиоЭС, ЖЭС және КЭС), оның ішінде 6 аукцион – құжаттамасыз (өткізу күні 9.11.2020 жылдан 25.11.2020 жылға дейін), 2 аукцион – құжаттамамен (өткізу күні 8.12.2020 жыл және 10.12.2020 жыл).
* Құжаттамамен аукцион – өтінім берушілер үшін ЖЭК пайдалану бойынша жаңа объектілерді салу бойынша жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін айқындайтын құжаттама дайындалған аукцион. 2020 жылғы жобалық аукционға қатысу шарттарымен және оның параметрлерімен мына жерден таныса аласыз.