«Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ | Біздің серіктестер | Инвесторға көмек | Аукционы ВИЭ

«Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ

«Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ

Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергетикасының қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесу үшін барлық инвесторларды, девелоперлерді, ғалымдарды, қаржы ұйымдарын, халықаралық энергетикалық компанияларды біріктіретін жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі салалық ұйым болып табылады.

ҚЖЭҚ ҚР энергетика Министрлігімен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ресми аккредиттелген.

Біздің миссиямыз ЖЭК ілгерілету және тұрақты даму бойынша әлемдік стандарттарға, қоғам мен нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес шоғырландырылған ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Біздің мақсаттар мен міндеттер

  • Жаңартылатын энергияны дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау
  • Салада инновацияларды енгізу үшін өнертапқыштар мен ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту
  • Экспортқа бағдарланған жаңартылатын энергетика құру
  • Парниктік газдар шығарылуын азайту
  • Қазақстан аумағында жобаларды іске асыру үшін білім мен технологиялар трансфертіне жәрдемдесу
  • Қазақстанның өңірлерін таза энергия саласында дамыту

Біздің компаниямыздың стратегиясы кәсіпкерлерді әлеуметке біріктіру, өзара көмек және қолдау мәдениетін құру, өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру, білім беру және дағдыларды қалыптастыру жүйесін құру, ЖЭК саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға көмек көрсету, қауымдастықтан шоғырландырылған ұсыныстарды, идеялар мен түсініктемелерді тарату болып табылады.

Қауымдастық мүшелері біздің саладағы жоғары білікті сарапшылар болып табылады. Біздің қатысушыларымыз тәжірибе алмасу, әріптестік және қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін әлеуетті арттыру арқылы бірге жұмыс істейді.

Біз жаңартылатын энергетика саласында жұмыс істейтін барлық деңгейдегі мамандардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға лайықты үлес қосамыз.

Байланыстар:

Жемков Руслан Сергеевич, Бас директор – r.zhemkov@gmail.com

Жаксыгельды Айдана, менеджер +7(701)305-07-35, info@kazrenergy.com

Cайт: https://kazrenergy.com