Cауда жүйесінде жұмыс жасауды үйрену | Сауда жүйесіндегі жұмыс | Аукционы ВИЭ

Cауда жүйесінде жұмыс жасауды үйрену

Сіздің компанияңыз аукциондық сауда-саттыққа қатысушы болуды шешті және сіздің алдыңызда сауда жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуге оқыту міндеті тұр.

Сауда жүйесінің бағдарламалық қосымшаларымен жұмыс істеуді үйрену үшін сіз:

  • аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысынан оқудан өтуіңізге;
  • өз бетінше оқудан өтуіңізге болады.

Ұйымдастырушыдан оқудан өту

Ұйымдастырушыдан оқудан өту үшін сізге:

1. ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет көрсетуге ұйымдастырушымен шарт жасасу және оның қызметін төлеу;

2. 2021 жылға арналған оқыту кестесінен оқудың қолайлы уақыты мен өту күнін таңдау;

3. «КОREМ» АҚ нұсқауына жіберілетін кәсіпорын қызметкерлерінің тізімін және өтініш нысанын ұйымдастырушыға жіберу;

4. нұсқаулық өткізу бағдарламасымен танысу тиіс.

Оқуға жіберілетін қызметкер:

1)  Аукциондық сауда-саттықты өткізу қағидасын;

2)  Аукциондық сауда-саттық өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулығын;

3)  Пайдаланушының нұсқаулығын;

4) Бақылаушылардың аукциондық сауда-саттыққа қатысу регламентімен таныс болуы қажет.

Ұйымдастырушы оқытуды күндізгі нысанда (тікелей ұйымдастырушының кеңсесінде), сондай-ақ қашықтықтан (TeamViewer пайдалана отырып) ұйымдастыра алады.

Ұйымдастырушының аукциондық сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін 5 жұмыс күн бұрын күндізгі оқытуды өткізуді тоқтататындығына назар аударамыз. 2021 жылға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың нұсқаулығын өткізу кестесімен мына жерден таныса аласыз.

Өз бетінше оқу

Сіз сауда жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмысты өз бетіңізше игеру үшін, сізге:

1. келесі құжаттарды біліп алу қажет:

1)  Аукциондық сауда-саттықты өткізу қағидасы;

2)  Аукциондық сауда-саттық өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулығы;

3)  Пайдаланушының нұсқаулығы;

4)  Бақылаушылардың аукциондық сауда-саттыққа қатысу регламенті.

2. Интерактивті оқудан өту https://vie.korem.kz/self/mop/index.html

Егер сізде сұрақтар қалса, бізге электрондық пошта арқылы хабарласыңыз немесе қызметкерлерімізге қоңырау шалыңыз:

Айтмагамбетов Нуркуат (7172) 649-180 (қазақ және орыс тілдері);