ЭКЖ шекті аукциондық бағалар | Аукциондық сауда-саттыққа қатысу | Аукционы ВИЭ

ЭКЖ шекті аукциондық бағалар

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы («ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС) жыл сайын жүргізілетін индекстеуді ескере отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша, айқындалған аукциондық бағалар бойынша, ҚЭА пайдалану объектілері өндірген, және олар Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне жеткізген электр энергиясын сатып алуға міндеттенеді.

Шекті аукциондық баға-электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы. Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің а.м. 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 103 бұйрығымен қалдықтарды энергетикалық кәдеге айналдыру жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №271 қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды айқындау қағидаларының ережелеріне сәйкес «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС жыл сайын аукциондық бағаларды индекстеуді жүргізеді. Аукциондық бағалар электр энергиясын өндірудің екінші жылынан бастап жыл сайын индекстеуге жатады: ұлттық валюта бағамының айырбасталатын валюталарға өзгеруіне 70% және тұтыну бағаларының индексіне 30%.

2021 жылға арналған шекті аукциондық бағалар кестеде келтірілген:

Егер сізде аукциондық бағаларды индекстеу тәртібі бойынша сұрақтар қалса, «ЖЭК бойынша ҚЕАО» ЖШС - нен біздің әріптесіміз – Ахметова Замира (7172) 690-106 хабарласуыңызды сұраймыз.