ЖЭК шекті аукциондық бағалар | Аукциондық сауда-саттыққа қатысу | Аукционы ВИЭ

ЖЭК шекті аукциондық бағалар

ЖЭК объектілерінен электр энергиясын бірыңғай сатып алушы («ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС) ЖЭК пайдалану объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне берген электр энергиясын жыл сайын өткізілетін индекстеуді ескере отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттықтардың қорытындылары бойынша айқындалған аукциондық бағалар бойынша сатып алуға міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының ЖЭК қолдау туралы Заңына сәйкес аукциондық баға – ЖЭК пайдалану объектісі өндіретін, аукциондық сауда-саттықтардың қорытындылары бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын электр энергиясын «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС сатып алу бағасы.

Шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығымен ЖЭК пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясына шекті аукциондық бағалар бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №271 Қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды айқындау қағидаларының ережелеріне сәйкес «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС жыл сайын аукциондық бағаларды индекстеуді жүргізеді. Аукциондық бағалардың жыл сайынғы индекстеуі ЖЭК объектісін пайдаланған жылдан кейін жүргізіледі.

2018 жылғы алғашқы аукциондық сауда-саттық үшін шекті аукциондық бағалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер деңгейінде белгіленді.

Келесі аукциондық сауда-саттықтар үшін шекті аукциондық бағалар алдыңғы аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаздың ең жоғары бағасы бойынша айқындалады.

2021 жылға арналған шекті аукциондық бағалар кестеде келтірілген:

Егер сізде аукцион бағаларын индекстеу тәртібі туралы сұрақтарыңыз болса, сізден «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің әріптесімен хабарласуды сұраймыз – Ахметова Замира.