ЖЭК секторы және аукциондық сауда-саттыққа қатысу туралы жалпы ақпарат | Аукциондық сауда-саттыққа қатысу | Аукционы ВИЭ

ЖЭК секторы және аукциондық сауда-саттыққа қатысу туралы жалпы ақпарат

Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама қабылданып іске асырылып отыр, оны іске асыру мақсатында заңнамалық база құрылды және жаңартылатын энергетика секторын дамытудың нақты нысаналы индикаторлары белгіленді. Жаңартылатын энергетика секторында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде 2020 жылға қарай - 3%, 2030 жылға қарай - 10%, 2050 жылы - баламалы энергетика есебімен 50% -ды құрауы тиіс.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу - елдегі жаңартылатын энергия көздерінің ресурстық әлеуетіне негізделген. Жел энергетикасының бар әлеуеті жылына 920 млрд.кВтс, күн энергетикасы жылына 3000 күн сағаты, гидроэнергетика жылына 62 млрд. кВтс бағаланады. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергетикасының Ресурстық әлеуетті секторымен толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыздар:https://rfc.kegoc.kz/kk/investors/resources/sun-atlas

2009 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергетика секторын дамытуды қолдау бойынша алғашқы заңнамалық бастамалар қабылданды. 2009 жылы жылу және электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын көздерді пайдалануды қолдауға бағытталған «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң қабылданды.

2013 жылы жаңартылатын энергия көздері өндіретін барлық электр энергиясын белгіленген тарифтер бойынша орталықтандырылған кепілдендірілген сатып алуда негізделген жаңартылатын энергетика секторын мемлекеттік қолдау механизмі іске қосылды. Қаржы-есеп айырысу орталығы ЖЭК-ті қолдау туралы заңда көзделген тәртіппен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне жеткізілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асырады.

2018 жылғы ақпанға дейін ЖЭК сектордың мемлекеттік қолдау тетігі белгіленген тарифтерді қолдану тәжірибесінде негізделді. Белгіленген тарифтерді енгізу елдегі жаңартылатын энергетика секторын қалыптастыру, салаға инвестициялар тарту үшін қажетті шара болды және Қазақстандағы ЖЭК жобаларын жүзеге асыруға салынған қаржы ресурстарын қайтару кепілі болды.

Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыруға ниет білдірген инвесторлар санының өсуімен ЖЭК секторындағы технологияларды дамыту, жобалардың әділ және бәсекелес іріктеуді қамтамасыз етуге қабілетті тетікті енгізуді талап етті. Осыған байланысты 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігі енгізілді.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу мақсатында ЖЭК секторын қолдау саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілді және аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары әзірленді.

Аукциондық сауда-саттық ҚР Энергетика министрлігі жыл сайын бекітетін аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі негізінде өтеді.

Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика секторына жеке инвестицияларды тарту үшін инвестицияларды тартудың мынадай шаралары көзделген:

  • ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушы есеп айырысу-қаржы орталығы – «KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компания» АҚ-ның жанынан құрылған «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС болып табылады;
  • инвесторларға ҚЕАО-мен сатып алу шартын жасаған кезде 15 жыл ішінде аукциондық бағалар бойынша ЖЭК энергиясының барлық көлемін сатып алуға кепілдік беріледі;
  • аукциондық бағалар электр энергиясын өндірудің екінші жылынан бастап жыл сайынғы индекстеуге жатады: Ұлттық валюта бағамының айырбасталатын валюталарға қарағанда өзгеруіне 70% және тұтыну бағаларының индексіне 30%;
  • ЖЭК өндірушілері ЖЭК электр энергиясын беру қызметіне ақы төлеуден босатылады;
  • ЖЭК теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеуді ҚЕАО жүзеге асырады;
  • ЖЭК өндірушілерге электр энергиясын беру кезінде басым диспетчерлендіру ұсынылады;
  • энергия беруші ұйым желінің дайын болмауы себебінен ЖЭК объектісін қосудан бас тартуға құқығы жоқ;
  • желіні қайта құруға және кеңейтуге жұмсалатын шығындарды энергия беруші ұйым көтереді;
  • ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар өткізу үшін жер учаскелері мен желіге қосылу нүктелері резервтеледі;
  • заңнамада инвестициялық преференциялар көзделген.

2020 жылғы мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 99 ЖЭК объектісі жұмыс істейді, оның ішінде:

  • ЖЭС – 21;
  • КЭС – 37;
  • ГЭС – 37;
  • БиоЭС – 4.

2020 жылдың 1 тоқсанына жалпы белгіленген қуат 1 361 МВт құрайды, оның ішінде:

  • ЖЭС – 335,9 МВт;
  • шағын ГЭС – 224,6 МВт;
  • КЭС – 797,6 МВт;
  • БиоЭС – 2,82 МВт.

2019 жылы ЖЭК объектілерінен электр энергиясын өндіру 2,4 млрд кВтс құрады, бұл Қазақстан Республикасындағы жалпы генерацияның 2,3%-ын құрайды.

Қазақстанда ЖЭК объектісін салу жобасын кепілді орталықтандырылған сатып алу тетігі арқылы іске асыру үшін әлеуетті инвестор: