Өтінімді қаржылық қамтамасыз ету | Аукциондық сауда-саттыққа қатысу | Аукционы ВИЭ

Өтінімді қаржылық қамтамасыз ету

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуды жоспарлап отырған компанияның аукциондық сауда-саттығына қатысушы мәртебесін алу үшін:

  • ұйымдастырушының сайтында тіркеуден өту, шарт жасау және ұйымдастырушы қызметін төлеу;
  • қаржы-есеп айырысу орталығының атына («ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС) өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну қажет.

Өтінім беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің SWIFT жүйесі бойынша шығарылған мына түрлерінің бірін таңдайды:

1. банк кепілдігі;

2. резервтік аккредитив.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету сомасының шамасын өтінім беруші дербес есептейді. Өтінімді қаржылық қамтамасыз ету мөлшері:

  • аймақтық аукциондық сауда-саттық үшін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) килловаттына 2000 (екі мың) теңге;
  • жобалық аукциондық сауда-саттық үшін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) килловаттына 5000 (бес мың) теңге.

Ескерту*. Мысалы, сіз қуаты 50 МВт күн электр станциясына жобасы бар ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аймақтық аукциондық сауда-саттыққа қатысуды жоспарлап отырсыз, онда аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету сомасы: 
50 000 (кВт)*2000 (теңге/кВт) = 100 000 000 теңге құрайды

Қаржылық қамтамасыз ету аукциондық сауда-саттық өткізген күннен бастап кемінде 150 (жүз елу) күнтізбелік күнге жарамды мерзімге ресімделеді және қайтарып алуға болмайтын болып табылады; 

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді  алу үшін, Өтінім беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді шығаратын Банкті  дербес таңдайды.

Аукциондық сауда-саттық қағидаларына сәйкес аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету ретінде банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив:

1. шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor’s бойынша "В" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "В3" төмен болмайтын немесе бас ұйымның (ҚР резидент банкі акцияларының 50% астамына ие) рейтингі Standard&Poor’s бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес Қазақстан Республикасы резидент банктерінен;

2. шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor’s бойынша "ВВВ", Fitch бойынша "ВВВ", Moody’sInvestorsService бойынша "Ваа2" төмен емес Қазақстан Республикасының резиденттері емес банктерінен ұсынылатынына назар аударуыңызды сұраймыз.

Бұл ретте, банк кепілдігі немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерден резервтік аккредитив банк-резиденттердің контркепілдігімен осы тармақтың 1) тармақшасына сай кепілдеме шығару жолымен расталуы тиіс.

Шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor’s бойынша "ВВВ", Fitch бойынша "ВВВ", Moody’sInvestorsService бойынша "Ваа2" төмен емес Қазақстан Республикасының резиденттері емес банктер тиісті қарсы міндеттемелер шығарусыз банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив шығара алады.

Ескерту*. Банкке аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімнің қаржылық қауіпсіздігін алу үшін өтініш берген кезде, Сіз таңдаған Банктің аукциондық сауда-саттық қағидаларында көрсетілген критерийлермен сәйкестігін  тексеріңіз.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету есеп айырысу-қаржы орталығының пайдасына шығарылады және оған аукциондық сауда-саттық басталатын күнге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады. 

Шығарылғаннан кейін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету, Өтінім беруші «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС серіктес Банкіндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді шығарылған қаржылық қамтамасыз етуді авизолауға тиіс:

  • «Банк ЦентрКредит» АҚ
  • «ForteBank» АҚ

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз етуге байланысты барлық банктік комиссиялар мен шығыстарды, оның ішінде алушының (бенефициардың) банкін де өтінім беруші төлейді.

Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түрінде өтінім берушімен енгізілген аукциондық сауда- саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету қатысушы қаржы-есеп айырысу орталығына жазбаша өтінішті ұсынғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мына жағдайлардың бірі туындағанда қайтарылады:

1. қатысушы аукциондық сауда-саттық қорытындысына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпазы болып табылмаса;

2. аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы сатып алу Шартын жасасып, сатып алу Шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді енгізді.

Өтінім беруші енгізген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету аукциондық сауда-саттық жеңімпазы сатып алу шартын жасасудан бас тартқан жағдайда ұсталады. 

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді дайындау аукциондық сауда-саттықты өткізуге дайындықпен байланысты барынша көп еңбекті қажет ететін және қаржылық шығындық рәсім болып табылатындығына назар аударуыңызды сұраймыз, Сізден осы мәселені пысықтау үшін «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-не алдын ала жүгінуіңізді сұраймыз.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қаржылық кесімді шығару тәртібі туралы толық ақпаратты сіз осы жерден таба аласыз.

Егер сізде қаржылық қамтамасыз етуді алу тәртібі бойынша сұрақтар қалса, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-нің қызметкері Ахметова Замираға (7172) 690-106 хабарласыңыз.