Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

27 қыркүйек, 2024
92
1 Фото

Күн энергиясы: Қазақстанда күн электр станциясын салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

1 Фото

2024 жылғы 26 қыркүйекте жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін күн электр станциясының құрылысы бойынша жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша қорытынды аукциондық сауда-саттық өтті.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2024 жылы КЭС салу жобаларын іріктеу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 34.61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 42 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 140 МВт құрады.

Сауда-саттық сессиясы барысында аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 34.61-ден 14.22 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін тіркелді. Бағаның бастапқы аукциондық бағадан 58.91%-ға төмендеуі байқалады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша «Vigor Holding» ЖШС компаниясы жеңімпаз болып анықталды. Жобаның белгіленген қуаты – 20 МВт, жобаның аукциондық бағасы 14.22  теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қызылорда облысында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» ҚР ҰКП және USAID өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты.

Айта кету керек, аукциондық сауда-саттық Кестесіне сәйкес жалпы белгіленген қуаты 160 МВт құрайтын КЭС түрі бойынша биыл 4 аукцион өткізілді. КЭС түрлері бойынша өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындысына сәйкес баға бастапқы құнынан екі еседен астамға түсті, ал ең төменгі баға 14.22 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) болды. Жобаларды ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағында орналастыру жоспарлануда.  

 

СЭС, ЖЭС, БиоЭС түрлері бойынша келесі аукциондық сауда-саттықты өткізу 2024 жылдың қараша айына белгіленді. Осыған орай, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы «КОRЕМ» АҚ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды іске асыруды көздейтін барлық мүдделі тұлғаларды ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.

 

Аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem     

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc   

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/