Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

24 қыркүйек, 2024
47
1 Фото

Қуаты 20 МВт күн электр станциясын салу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы жарияланды

1 Фото

2024 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 58 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 160 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезінде 2024 жылғы шекті аукциондық баға 34,61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 34,61 теңге/кВтсағаттан 14.95 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады. КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша бағаның бастапқы аукциондық бағадан төмендеуі 56.81%-ды құрады.

Аукцион қорытындысы бойынша «Ажур» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукцион бағасы 14.95 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Жетісу облысында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» ҰКП, USAID және АХҚО өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.

Қазақстан Республикасы БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 25 қыркүйекке жоспарланған.

 

Аукцион нәтижелері туралы алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады:

 

Ресми сайтhttps://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem     

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc   

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/