Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

14 маусым, 2024
46
1 Фото

Белгіленген жиынтық қуаты 200 МВт ЖЭС құрылысына аукциондық сауда-саттық өтті

1 Фото

2024 жылғы 14 маусымда жалпы белгіленген қуаты 200 МВт ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭК жел энергетикалық станцияларын салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда саттық өтті.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 35 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 1 400 МВт құрады.

ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2024 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға диапазонының төмендеуі 22.68-ден 9.01 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін тіркелді.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания – «ЭкоВайнд» ЖШС анықталды, жобаның белгіленген қуаты 200 МВт, аукциондық бағасы 9.01 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жоба Қостанай облысында орналастырылады деп жоспарлануда.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, USAID және БҰҰДБ өкілдері қатысты. Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Келесі аукцион белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша 2024 жылғы 17 маусымға тағайындалды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem   

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc 

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/