Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

10 маусым, 2024
49
1 Фото

Қазақстанда ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттық басталды

1 Фото

2024 жылғы 10 маусымда ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтары үшін жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтың бірінші күні (Тентек өзенін қоспағанда) белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт гидро электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша өтті.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 30 баға ұсынысын берді.  Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 50.35 МВт құрады.

2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықты өткізу кезінде ҚР Энергетика министрлігі бекіткен шекті аукциондық баға 41.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар арасында аукциондық сауда-саттықта бәсекелестік күрес жүргізу барысында өтінімдердің баға диапазонын 41.23-тен 10 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендету алынды.

ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағадан бағаның рекордтық 75,7%-ға төмендеуі атап өтілді.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес, белгіленген қуатты іріктеу көлемі 20-дан 21.3 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі ұйымдар анықталды:

  • «ЖЭС Толқын» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 0.5 МВт, аукциондық бағасы 10 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Жарык Энерго» ЖШС Ұлттық Энергетикалық Компания» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 8.6 МВт, аукциондық бағасы 28 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «ФаБ Строй» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 1.3 МВт, аукциондық бағасы 35.47 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «ЖЭС Толқын» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3 МВт, аукциондық бағасы 35.48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ақсугидро» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 9 МВт, аукциондық бағасы 35.49 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «ЖабықГидроРесурсы» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3 МВт, аукциондық бағасы 36.5 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында байқаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, USAID өкілдері қатысты.

Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Келесі аукцион 2024 жылғы 11 маусымға белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша тағайындалды.

Анықтама:

ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес, 2024 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың белгіленген қуаттылықтарының жалпы көлемі 1270 МВт құрайды, оның ішінде:

- гидроэлектростанциялары (ГЭС) - 400 МВт;

- жел электр станциялары (ЖЭС) - 700 МВт;

- күн электр станциялары (КЭС) - 160 МВт;

- биоотын электр станциялары (БиоЭС) - 10 МВт.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem    

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc  

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/