Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

27 мамыр, 2024
47
1 Фото

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдауды аяқтау мерзімдеріндегі өзгерістер

1 Фото

Ағымдағы жылғы 10-17 маусым аралығында ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің аймақтарында ГЭС, ЖЭС құрылысына жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтеді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің нақтылайтын хатына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 13-тармағына сәйкес, ұйымдастырушы уәкілетті орган бекіткен аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес аукциондық сауда-саттық басталған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын өтініш берушілерден құжаттарды қабылдауды тоқтатады.

Осыған байланысты, «Электр энергиясы және қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысы Аукциондық сауда-саттықты өткізудің күнтізбелік жоспарына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

 

ГЭС, ЖЭС бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеудің аяқталуы кестесі

 

№ р/с

Аукциондық сауда-саттықты өткізу күні

ЖЭК түрі /

БЭЖ аймағы / Қуаты

Аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеудің аяқталуы мерзімі

1

10.06.2024ж

ГЭС/

Тентек өзенінен басқа барлық аймақтар / 20 МВт

31.05.2024ж

2

11.06.2024ж

ГЭС/

Тентек өзенінен басқа барлық аймақтар/ 20 МВт

03.06.2024ж

3

12.06.2024ж

ГЭС/

Тентек өзенінен басқа барлық аймақтар/ 10 МВт

04.06.2024ж

4

13.06.2024ж

ЖЭС/

Солтүстік аймақ/ 100 МВт

05.06.2024ж

5

14.06.2024ж

ЖЭС/

Солтүстік аймақ/ 200 МВт

06.06.2024ж

6

17.06.2024ж

ЖЭС/

Солтүстік аймақ/ 100 МВт

07.06.2024ж

Аукциондық сауда-саттық туралы барлық оқиғалар әлеуметтік беттерде және ресми интернет-ресурста жарияланады https://www.korem.kz/

 

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша келесі байланыс телефоны арқылы жүгінуге болады: + 7 (7172) 982-965.