Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

28 қараша, 2023
85
1 Фото

Күн электр станциясының құрылысына аукциондық баға екі еседен астам төмендетілді

1 Фото

2023 жылғы 28 қарашада жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК аукциондық сауда саттығы өтті.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 42 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 130.001 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде бастапқы шекті аукциондық баға 2023 жылы 34.61 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз)құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 34.61-ден 14.5 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

КЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша бастапқы аукциондық бағадан бағаның төмендеуі 58.10% құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «BK-Energy Limited» жеке компаниясы анықталды, жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукциондық бағасы 14.5 тг / кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жоба Жетісу облысында орналастырылады деп жоспарлануда.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесінде аукциондық сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге толық сәйкестігін атап өтті.

Келесі аукцион 2023 жылғы 29 қарашаға ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт КЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша тағайындалды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem    

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc  

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/