Құжаттамамен аукцион бойынша ақпарат | Аукциондық сауда-саттыққа қатысу | Аукционы ВИЭ

Құжаттамамен аукцион бойынша ақпарат

Құжаттамамен аукциондық сауда-саттықты өткізу әлеуетті инвесторларға жоба бойынша қажетті базалық техникалық деректерді және маркетингтік зерттеулерді қоса алғанда, жобаның негізгі параметрлерін сипаттайтын ақпарат алдын ала берілетін алаңдарды аукциондық сауда-саттыққа қоюды білдіреді.

ЖЭК қолдау саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес аукциондардың осы түрі үшін құжаттама дайындаумен есеп айырысу-қаржы орталығы айналысады.

Ағымдағы жылда инвесторларға күн электр станцияларын салуға арналған екі алаң бойынша құжаттамамен аукциондық сауда-саттыққа қатысуға мүмкіндік беріледі. Әрбір жобаның белгіленген қуаты 20 МВт құрайды. Ұсынылған алаңдар ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағында орналасқан, сондай-ақ климаттық жағдайлардың арқасында күн электр станцияларын салу үшін жақсы орын болып табылады. Сілтеме бойынша өтіп, Сіз Қазақстанның күн ресурстарының Атласымен таныса аласыз https://rfc.kegoc.kz/page/solnechnyye-resursy.

Құжаттамасы бар аукциондар 2020 жылғы 8 және 10 желтоқсанда өткізілетін болады. Осы жобаларды салуға арналған алаңдар Түркістан облысы Кентау қаласы Иассы ауылдық аймағында және Қызылорда облысы Арал қаласының маңында орналасқан. Осы аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеу 2020 жылдың 19 қазанынан бастап ашылатын болады.

Құжаттамамен аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету көлемі жобаның белгіленген қуатының 5 000 тг/кВт құрайды.

Cіз алаңдар бойынша дайындалған құжаттаманы төменде жүктей аласыз:

1) Белгіленген қуаты 20 МВт КЭС салу жобасы Түркістан облысы, Кентау қ., Иассы ауылдық округінде орналасқан. 

Осы алаң бойынша құжаттама құны 28 432 500,01 теңгені құрайды;

2) Белгіленген қуаты 20 МВт КЭС салу жобасы Қызылорда облысы, Арал қаласының маңында орналасқан.

Осы алаң бойынша құжаттама құны 28 432 500,01 теңгені құрайды.

Аукциондық сауда-саттықтарды өткізу Ережесіне сәйкес ілеспе салықтарды қоса алғанда, құжаттаманы әзірлеуге арналған шығындарды аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы қаржы-есеп айырысу орталығына құжаттамамен бірге аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өтейді (төлейді).

Аукциондық сауда-саттыққа құжаттама орыс және ағылшын тілдерінде әр түрлі оқылған жағдайда аукциондық сауда-саттыққа құжаттаманың орыс тіліндегі мәтіні басымдыққа ие болады.

Сауда-саттыққа қатысты құжаттар бойынша сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс телефондарына хабарласыңыз:

Мажиков Тимур Ерканович ЖЭК жөніндегі ҚЕАО ЖШС даму департаментінің бас маманы

mazhikov@kegoc.kz

+7 7172 690 561

+7 702 706 99 13    

Досмайыл Руслан Исламович

ЖЭК жөніндегі ҚЕАО ЖШС даму департаментінің бас маманы

dosmaiyl@kegoc.kz

+ 7 7172 693 573

+ 7 705 101 57 17