Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама қабылданып, іске асырылып отыр, оны іске асыру мақсатында заңнамалық база құрылды және жаңартылатын энергетика секторын дамытудың нақты нысаналы индикаторлары белгіленді. Жаңартылатын энергетика секторында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде 2020 жылға қарай - 3%, 2030 жылға қарай - 10%, 2050 жылы - баламалы энергетика есебімен 50% -ды құрауы тиіс.
Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға сәйкес қазіргі уақытта қалдықтарды энергетикаға айналдыру жобалары бойынша аукциондық конкурстарды (бұдан әрі - ҚЭА Аукциондық конкурстар) ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
ҚЭА аукциондық сауда-саттығы Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Сонымен, қалдықтарды энергетикаға айналдыру технологияларын таңдау бойынша ҚЭА аукционы үшін Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26 сәуірдегі № 119-ө Бұйрығымен Комиссия құру туралы Тізім жасалды, оның мүшелері ашық дауыс беру арқылы энергияны пайдалану қондырғыларын енгізу үшін, елді мекендер тобын анықтауға шешім қабылдады. Елді мекендер тобына келесі қалалар кірді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Ақтөбе.
ҚЭА аукциондарын өткізу үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдау саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілді және аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу ережелері әзірленді.
ҚЭА аукциондарын сауда-саттықты өткізу мақсатында ЖЭК секторын қолдау саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілді және аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары әзірленді.
Аукциондық сауда-саттық ҚР Энергетика министрлігі жыл сайын бекітетін аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі негізінде өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика секторына жеке инвестицияларды тарту үшін инвестицияларды тартудың мынадай шаралары көзделген:
Қазақстанда ЖЭК объектісін салу жобасын кепілді орталықтандырылған сатып алу тетігі арқылы іске асыру үшін әлеуетті инвестор: