Ұйымдастырушымен шарт жасасу
Аукциондық сауда-саттыққа қатысу және ұйымдастырушымен шарт жасасу үшін сізге:
- Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында онлайн тіркеуден өту қажет.
- Тіркеу кезінде төмендегілерді көрсету қажет:
- заңды тұлғаның атауы;
- нақты және заңды мекен-жайы;
- өтінім берушінің электрондық поштасы.
Тіркеу кезінде пайдаланушы жеке кабинетке кіру үшін құпия сөзді қалыптастырады.
Сауда жүйесінде тіркелу тәртібімен толығырақ мына жерден таныса аласыз.
- Тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін сіз тіркеу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайдың көмегімен жеке кабинетке кіру қажет – бұл сауда жүйесіне кіруге арналған және қалыптастырылған құпиясөздің идентификаторы.
- Келесі құжаттардың көшірмелерін жеке кабинетке жүктеу:
- Жарғы;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамасы;
- бірінші басшыны тағайындау туралы заңды тұлғаның тиісті органы шешімі;
- өкілге берілген сенімхатты (егер бірінші басшы мүдделерді білдіруді жүзеге асырмайтын жағдайда)
- Электр желілік қағидаларға сәйкес берілген және келісілген электр желісіне қосуға арналған техникалық шарттар немесе Графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсету;
- 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну немесе Графикке сәйкес жер учаскесін көрсету;
- Электр желілік қағидаларға сәйкес әзірленген, мәлімделген электр қуаты 5 МВт және одан да көп "Электр станциясының қуатын беру схемалары" жүйелік операторының келісу хаты немесе графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсету;
- * құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттыққа қатысатын қатысушылар үшін Ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен Қатысушының танысқаны туралы растау хаты.
Заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банк деректемелері, байланыс телефондары, заңды тұлғаның электрондық мекенжайы) және аукциондық сауда-саттыққа қатысу күні қосымша көрсетіледі.
Шетелдік заңды тұлғалар олар тіркелген елдердің заңдарына сәйкес әрбір құжатқа құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған, дұрыс екендігі нотариалды куәландырылған міндетті қосымшасы бар осындай құжаттарды ұсынады.
Өтінім беруші жоғарыда аталған талаптарға сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда Ұйымдастырушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге электрондық пошта арқылы қол қою үшін Шарттың жобасын және Ұйымдастырушының қызметіне ақы төлеу шотын жібереді.
Өтінім беруші алынған шарт жобасын қарап, қол қойылған шартты аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей факс немесе электрондық пошта арқылы және шарттың түпнұсқасын екі данада почта арқылы Ұйымдастырушыға жіберуге, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық өткізілетін күнге дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-ден кешіктірмей ұйымдастырушының қызметіне ақы төлеуге тиіс.
Ұйымдастырушы қол қойылған шартты және қызмет үшін төлемді алғаннан кейін өтінім берушіге қатысушы мәртебесін беруді растайды, бұл туралы оны электрондық пошта арқылы хабардар етеді және қатысушыға сауда жүйесіне кіруге рұқсат береді.