Аукцион өтті деп танылды. ...Баспасөз хабарламалары | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Баспасөз хабарламалары

23 қыркүйек, 2019
225
1 Фото

2019 жылғы 23 қыркүйектегі 80 МВт жиынтық белгіленген қуаты бар ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 45 баға ұсыныс берді, жобалардың жекеленген қуаты 20 МВт-тан 50 құрады. Өтінімдердің жалпы көлемі 247 МВт құрады.  2019 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 22,66 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 19,27 – 22,66 тг/кВтс құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып анықталды.

  • «Arm Wind» ЖШС (Италия) белгіленген қуаты 48 МВт, аукциондық баға 19,27 теңге/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Ақтөбе облысы Бадамша ауылының жанында орналастыру жоспарлануда;
  • «Софиевская Ветровая Электростанция» ЖШС (Қазақстан) белгіленген қуаты 39 МВт, аукциондық баға 19,33 теңге/кВт*с (ҚҚС-сыз). Жоба Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданның Николо-Бурлукское ауылының жанында орналастыру жоспарлануда;

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің және USAID өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционның ұйымдастырушысы - «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының айқындылығы расталды.

Келесі аукцион 24.09.2019 ж. КЭС түрі бойынша 30 МВт болып белгіленді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 19.03.2019 ж. №97 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 80 МВт;

- жел электр станциялары - 100 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;

- БиоЭС - 10 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.



Аукциондық сауда-саттықтың басты күндері