Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

12 қараша, 2024
20
1 Фото

Қазақстанда ірі ГЭС құрылысына жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттық қорытындысы

1 Фото

2024 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 100 МВт гидроэлектр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Аукциондық сауда-саттықа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан мәлімделген электр қуатының жалпы көлемі 101 МВт құрады.

Бастапқы шекті аукциондық баға – 41.23 теңге/кВт/сағ (ҚҚС-сыз). Өтінімдердің баға ауқымының 41.23-тен 40.93 теңге/кВтсағ-қа дейін (ҚҚС-сыз) төмендеуі байқалады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес іріктеудің белгіленген қуат көлемі 100-ден 101 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз атанды:

  • «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.5 МВт, аукциондық бағасы 40.93 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «KALZHYR RIVER ENERGY» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 16 МВт, аукциондық бағасы 40.94 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондық бағасы 40.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Cascade NRG» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.5 МВт, аукциондық бағасы 41 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Baskan Irrigation» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 30 МВт, аукциондық бағасы 41.22 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

 

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ЗТБ, USAID және ЕҚДБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтті.

 

Биыл аукциондық сауда-саттық Кестесіне сәйкес ірі гидроэлектр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша екі аукцион өткізілді. Жалпы белгіленген қуаты 300 МВт құрады.

 

Жалпы белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 13 қарашасына жоспарланған.

   

Аукцион нәтижелері туралы алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады:

Ресми сайтhttps://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem     

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc   

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/