Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

17 маусым, 2024
160
1 Фото

Белгіленген қуаты 100 МВт ЖЭС құрылысына аукциондық cауда-саттық өтті

1 Фото

2024 жылғы 17 маусымда ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭК жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт Жел энергетикалық станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 10 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 8 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 510.001 МВт құрады.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2024 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Өтінімдердің баға диапазонының 22.68-ден 9 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеуі байқалады.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

- «Шуаль» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.001 МВт, аукциондық бағасы 9 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

- «Neptune Wind» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 89.999 МВт, аукциондық бағасы 10.37 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Жобаны Абай облысында орналастыру жоспарлануда.

 

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті

Бекітілген Кестеге сәйкес келесі аукциондық сауда-саттық 2024 жылдың қыркүйегіне белгіленген.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem   

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc 

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/