2020 жыл Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жө ...Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

09 ақпан, 2021
171
1 Фото

Қазақстанда ЖЭК үлесі 2025 жылға қарай 6%-ға жетеді

1 Фото
Қолданылған материалдар:

2020 жыл Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасындағы жаңартылатын энергия көздері индикаторы орындалуының шекті кезеңі болды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі үш пайыздық үлесі толық орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады.

Н. Ноғаев атап өткендей, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында мынадай мақсаттар көзделген:

Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергетика үлесін 2025 жылы 6% - ға; - 2030 жылға қарай 10% - ға дейін жеткізу; - ал 2050 жылға қарай жалпы энергия тұтынудың кемінде жартысы жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне тиесілі болуға тиіс.

- Саланың дамуына көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде жаңартылатын энергия көлемі тұрақты өсуде. Соңғы 6 жылда ЖЭК нысандарының белгіленген қуаты шамамен 10 есеге ұлғайып – 2014 жылғы 178 МВт-тан 2020 жылы 1635 МВт-ты құрады, - деп атап өтті Министр.

Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 1685 МВт болатын 116 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген жасыл энергетиканың көлемі 3,24 млрд.кВт сағатты құрады. 

2021 жылы қуаты 381,1 МВт болатын 23 ЖЭК нысаны іске қосылатын болады.

Нұрлан Ноғаев Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері нарығын дамыту энергетика саласын тұрақты дамыту және әртараптандыру мақсатында жалғасатынын атап өтті.

Өңірлерде жаңартылатын энергия көздері нысандарын орналастыру ресурстық әлеуетті, электр энергиясына деген қажеттілікті, Біртұтас  электр энергетикалық  жүйесінің аймақтары бойынша барынша жол берілетін қуаттарды және инфрақұрылымның әзірлігі ескеріле отырып жүргізіліп жатыр. Бұл Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді жұмысы үшін жаңартылатын энергия қуатының лимиттерін арттыруға мүмкіндік береді.