2020 жылғы 25 қарашада өткен ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион, ...Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Жаңалықтар

25 қараша, 2020
38
1 Фото

2020 жылғы 25 қарашада белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

2020 жылғы 25 қарашада өткен ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион, белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт

2020 жылғы 25 қарашада өткен, ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион, белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт, «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімді берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысу өтінімін қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының» 51-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартқа сәйкес өтпеді деп танылды, Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген, сауда жүйесінде тиісті аукциондық сауда-саттыққа тіркелген және жіберілген қатысушылардың саны екеуден кем.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгендігін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы - «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.

Келесі аукцион 08.12.2020 ж. 20 МВт КЭС түрі бойынша белгіленген (құжаттамасы бар).

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің 21.05.2020 ж. №202 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жоба құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);

- жел электр станциялары65 МВт;

- су электр станциялары 120 МВт; 

- БиоЭС – 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.



Аукциондық сауда-саттықтың басты күндері