Азия даму банкі | Біздің серіктестер | Инвесторға көмек | Аукционы ВИЭ

Азия даму банкі

Азия даму банкі

АДБ көпжақты даму банкі болып табылады, оның акционерлері 68 қатысушы мемлекет, олардың 49-і өңірден, 19-ы әлемнің басқа елдерінен. АДБ-ның дамушы мүше елдерге көмек көрсетуінің негізгі құралдары саяси мәселелер жөніндегі диалог, қарыздар, өз капиталына инвестициялар, кепілдіктер, гранттар және техникалық көмек (TA) болып табылады.

2019 жылы қарыз беру көлемі 20,47 млрд АҚШ долларын (133 жоба), ТК көлемі – 237,31 млн АҚШ доллары сомасын құрады (252 жоба) және гранттар арқылы қаржыландыратын жобалардың көлемі 844,07 млн АҚШ долларын (31 жоба) құрады.

Бұдан басқа, 11,86 млрд. АҚШ доллары тікелей қоса қаржыландыру, тәуекелдерді беру тетіктері, кепілдіктер, қосарланған қарыздар, мәселен, АДБ-ның Саудаға жәрдемдесу бағдарламасы аясында сауданы қолдау капиталы мен операцияларды қосарлай тең қаржыландыру үшін қарыздар мен «В» қарыздар класы тетіктері ретінде ресми қарыздар мен гранттар түрінде басқа да жеңілдікті қаржыландыру және коммерциялық қаржыландыру. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта АДБ-ның жыл сайынғы қарыз беру көлемі 17,41 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұдан басқа, АДБ және арнайы қордың қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялық гранттар мен ТК көлемі сол кезеңде 702,60 млн. АҚШ долларын және 202,27 млн АҚШ долларын құрады. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қоса қаржыландыруды қоспағанда, 44 елдегі 3 221 жобаларға 296,28 млрд АҚШ долларын, жалпы көлемі 10,23 млрд АҚШ долларын құрайтын қарыз және ТК түрінде 409 грантқа 4,72 млрд АҚШ долларын, соның ішінде өңірлік ТК гранттарын құрады.