2021 жылғы 10 қарашада өткен белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт ЖЭС жо ...Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

10 қараша, 2021
389
1 Фото

2021 жылғы 10 қарашада белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

2021 жылғы 10 қарашада өткен белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 13 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 86 баға ұсыныстарын берді, жобалардың бірыңғай қуаты 50 МВт дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 550 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2021 жылы 21,53 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53  -ден 14,08 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компаниялар жеңімпаз болып анықталды:

  1. "Гиперборея" ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 14,08 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, "Атамекен" ҰКП, Qazaq Green Қауымдастығы, "Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы" ЗТБ, "KAZENERGY" ЗТБ, USAID өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион 11.11.2021 ж. 100 МВт ГЭС түрі бойынша белгіленді

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 30.07.2021 ж. №251 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес 2021 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 200 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 20 МВт;

- жел электр станциялары – 50 МВт;

- гидро электр станциялары – 120 МВт;

- БиоЭС - 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.